Accessibility links

Түркия армяндардың тарихи шіркеуіне жиналуына мүмкіндік берді


Бүгін Түркиядағы этникалық армяндар елдің шығысындағы ежелгі шіркеулерінде бірінші діни шараларын өткізеді. Түркия билігінің хабарлауынша, Ван провинциясындағы Ақдамарда орналасқан шіркеуге 3 мыңдай адам жиналады деп күтіліп отыр.

Анкара наурыз айында армян азшылық тобына шіркеуде діни шара өткізуге рұқсат берген еді. Премьер-министр Режеп Тайып Ердоған мұны түріктердің діни ұстамдылығын танытатын шара деді.

Армяндар мен түріктер арасындағы байланыстар армяндардың Осман империясы кезіндегі қырғындарды геноцид деп атауына байланысты шиеленісіп келген. Түріктер Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі шығынды геноцид деп мойындаудан бас тартады.
XS
SM
MD
LG