Accessibility links

Берлинде мыңдаған адам ядролық жоспарға қарсылық танытты


Жексенбі күні он мыңдаған адам Германия канцлері Ангела Меркелдің кеңсесін қоршап алып, елдің ядролық жоспарына қарсы шеру өткізді.

Бейбіт шараға қатысушылар Германия үкіметінің ғимаратына келіп, канцлер Меркелдің ядролық стансалар жұмысын тағы шамамен 12 жылға ұзарту жоспарын наразылық танытты.

Соңғы жүргізілген сауалнамалар германиялықтардың басым бөлігі бұл заң жобасына қарсы екенін көрсетті. Полиция бұл шараға қатысқандар саны 40 мыңға жетеді деді. Наразылық акциясын ұйымдастырушылар болса, шеруге 100 мың адам қатысты деп отыр.
XS
SM
MD
LG