Accessibility links

Алматыда мемлекеттік тілді қолдаған жиын өтті


Бүгін Алматыда "Мемлекеттік тілді қолдау" қоғамдық ұйымының ұйымдастыруымен қазақ тілін қолдаған жиын болып өтті. Оған қазақ зиялылары және ондаған қарапайым азаматтар қатысты.

Жиынға қатысқан Мәдениет министрлігі тіл комитетінің төрағасы Бауыржан Омаров мемлекеттік тілдің мүддесі қорғалып отырғандығын айтты. Алайда, акцияны ұйымдастырушылар Қазақстанда мемлекеттік тілдің заңды мәртебесін ала алмай отырғанына қынжылыс білдірді.

Бейбіт шеру соңында Қазақстан президентінің, парламентінің, үкіметінің атына және қазақ халқына арналған ашық хат қабылданды.
XS
SM
MD
LG