Accessibility links

Ахмадинежад АҚШ-ты 8 ирандықты босатуға шақырды


Иран президенті Махмуд Ахмадинежад Американы сегіз ирандықты қамаудан босатуға шақырды. Ахмадинежад олар заңсыз ұсталған деп отыр.

Америкалық телеарнаға берген сұқбатында Ахмадинежад өзінің елі қайырымдылық ишаратын танытып, өткен жылы ұсталған АҚШ азаматы Сара Шурдты бостандыққа шығарғанын айтты.

Иран президенті сондай-ақ Нью-Йорктегі БҰҰ Бас ассамблеяның жиыны қарсаңында БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездескен.
БҰҰ-ның таратқан мәлімдемесінде, Пан Ги Мун азаматтық және саяси құқықтарды сақтау маңыздылығына баса мән берді делінген. Сонымен қоса БҰҰ-ның басшысы Иран өзінің ядролық бағдарламасына қатысты Батыспен келісімге келеді деген үмітін білдірген.
XS
SM
MD
LG