Accessibility links

Әлем елдері Пәкістанға көбірек көмек бермекші


Су тасқыны апатына тап болған Пәкістан тағы да халықаралық көмектер алатын болды. “Пәкістанның достары” деген атпен Нью-Йорктағы БҰҰ-ның бас кеңсесінде өткен отырыста АҚШ Исламабадқа беретін көмегін 345 миллион долларға жеткізді.

Британия су тасқыны апатының зардаптарын жоюға қосымша 109 млн.доллар ұсынды. Еуропа Одағының сыртқы істер жөніндегі өкілі Кэтрин Эштон Еуропа Одағы Пәкістанға 350 миллион доллар беріп қойған, мүше елдердің тағы да көбірек ақша бөлгенін қолдап отыр деді.

БҰҰ-ның Пәкістандағы арнайы өкілі мәлімдегендей, донор елдер Пәкістанның апаттан кейінгі елді қалпына келтіруді қолға алып, келіп түскен барлық қаржыны қоғам алдында есептеп отырады деп күтеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG