Accessibility links

Әскери сот басшысына оқ атқан оның бұрынғы күйеу баласы ұсталды


Дүйсенбі күні хабарлағандай, Қазақстанның әскери сотының төрағасы Серік Байбатыровтың өміріне қауіп төндіріп, қастандық жасаған 39 жастағы Руслан Едресов Алматы облысында қолға түсті. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігіне құқыққорғау органдарының өкілі хабарлаған.

Әскери сот төрағасына оқ атты деп күдікке ілінген оның бұрынғы күйеу баласы Еңбекшіқазақ ауданындағы Ашысай ауылында тығылып жүрген. Оны тексеру кезінде бір аңшы қаруы мен 20 оқ, қара бетперде мен қайын атасына ренжіген кездерін жазған дәптер табылған. Күдікті сондай-ақ 17 бетке жазылған дәптерінде бұрынғы қайын атасына шабуылдау жайлы жоспар құрған деген құқық қорғау мекемесінің өкілдері.

Тамыздың 23-де жеке көлігімен жұмысқа шыққан әскери сот төрағасы Серік Байбатыровты көлікпен қатар келген біреу атып кеткен еді. Кейін полиция Mitsubishi Pajero көлігінде болған оның жұмыссыз жүрген бұрынғы күйеу баласы екенін анықтаған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG