Accessibility links

Пхеньянда маңызды ауыс-түйістер болады


Қыркүйектің 28-і күні Пхеньянда кадрлық ауыс-түйістер болады. Осыған орай сол күні Солтүстік Корея билігіндегі жалғыз партия - Еңбек партиясының барлық басшылығы жиналуы тиіс. Бұл туралы сейсенбі таңертең елдің ресми ақпарат агенттіктері хабарлады.

Еңбек партиясының барлық құрамда бас қосуы өте сирек құбылыс.1980 жылы дәл осындай жиын барысында, Корея халықтық-демократиялық республикасының қазіргі коммунистік көсемі Ким Чен Ир, өз әкесі Ким Ир Сеннің ізбасары болып тағайындалған еді.

Батыс және оңтүстіккореялық ақпарат құралдары, бұл жолы билік Ким Чен Ирден оның ұлы Ким Чен Унуға өтеді деп хабарлап отыр. Алайда бұл ақпарат ресми расталмаған.
XS
SM
MD
LG