Accessibility links

Батыс Қазақстанда сыртқа атқылаған мұнай тоқтатылды


«МаңғыстауМұнайГазға» қарайтын Жетібай кен орнының ұңғымасынан бір жарым күн бойы сыртқа атқылаған мұнай тоқтатылды. Бұл туралы республиканың төтенше жағдайлар министрлігі хабарлап отыр.

Жексенбі, қыркүйектің 19-ы күні сағат 12.25-те Жетібай кен орнының №1191 ұңғымасының сағасынан сыртқа мұнай-газ қоспасы атқылап, ол 200 шаршы метрге төгілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақпаратқа қарағанда, қыркүйектің 20-сы кешке ұңғымадан мұнайдың төгілуі тоқтатылып, сағасы тығындалды. Қазір ұңғыманы бітеу және ластанған аумақты қоршау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG