Accessibility links

Обама Иранға қарсы әскери әрекет мәселені шешпейді деді


АҚШ президенті Барак Обама Иранның ядролық қару иеленуі үлкен проблема болғанымен, ол мәселені шешу үшін Израиль немесе АҚШ тарапынан әскери күш қолдану дұрыс жол болмайды деді.

Обама бұл туралы CNBC арнасына айтып, бұл проблеманы реттеу үшін дипломатиялық жолдар қарастырыла береді деген.

АҚШ-тың әскери қолбасшылары да АҚШ не болмаса Израиль әскерилерінің Иранға қарсы соққы беруі Теһран немесе оның Ливандағы Хезболла немесе Газадағы Хамас сияқты топтары тарапынан әскери жауап қайтаруы мүмкін деген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG