Accessibility links

Пентагон Ресейдің Сирияға қару сату жоспарына алаңдап отыр


АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтс Ресейдің Сирияға зымыран сату жоспары аймақты тұрақсыздандыруы мүмкін деді. Пентагоннан хабарланғандай, Гейтс бұл мәселені дүйсенбі күні Израиль қорғаныс министрі Эхуд Баракпен талқылаған.

Гейтс сондай-ақ өткен аптада Пентагонда болып кеткен ресей делегациясымен кездесуде де қару сату жоспарына қатысты алаңдаушылығын білдірді. Ол Кремлден мұндай сауданың стратегиялық салдарларын естен шығармауды сұрады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG