Accessibility links

Алдағы айда Слободан Милошевичтің жесірі босатылады


Сербиялық ақпарат құралдары хабарлағандай, Сербияның биліктен кетірілген әрі қайтыс болған бұрынғы президенті Слободан Милошевичтің жесірі алдағы айда айыптардан босатылып, үйіне оралады.

Милошевичтер отбысының адвокаты мәлімдегендей, 68 жастағы Мирьяна Марковичтің қамауда болу мерзімі қазанның 13-де аяқталады. Оған 2002 жылы Белградтағы мемлекеттік пәтерлерді заңсыз бөліп, өз ықпалын жүргізген деген айып тағылған. Ол елден 2003 жылы кеткен.

Милошевич 2000 жылдың қазан айында биліктен құлатылып, 2001 жылы қамауға алынған. Оған БҰҰ-ның Гаага сотында соғыс қылмыстары айыбы тағылып, сот процесі жүріп жатқан 2006 жылы жүрек талмасынан қайтыс болған.
XS
SM
MD
LG