Accessibility links

Назарбаев қазан айында Францияға барады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үстіміздегі жылдың қазан айында Францияға барады. Бұл туралы бүгін Қазақстан сыртқы істер министрлігі хабарлап отыр.

Сейсенбі күні, мемлекеттік хатшы Қанат Саудабевтың Нью-Йоркке сапары аясында Францияның сыртқы істер министрі Бернар Кушнермен кездесу өткізді. Кездесу барысында Кушнер, Париж президент Назарбаевтың сапары мен Астанада өтетін ЕҚЫҰ саммитіне ерекше назар аударытындығын жеткізген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG