Accessibility links

Депутаттар Петропавлға Қызылжар атауын беруді ұсынды


Мәжіліс депутаты Жарасбай Сүлейменов Петропавл қаласына Қызылжар атауын беруді ұсынып отыр.

«Петропавлға өзінің тарихи атауы- Қызылжарды қайтаруды, және бұл сұрақты президент қарауына жіберуді сұраймыз» - делінген премьер-министр атына жолданған депутаттық сауалда.

Сәрсенбі күні мәжіліс отырысында сөйлеген сөзінде депутат Сүлейменов, бұл сауалға тағы 13 депутат қосылып, қол қойғандығын жеткізді.
XS
SM
MD
LG