Accessibility links

Бүгін БҰҰ - ның мыңжылдық саммиті аяқталады


Бүгін БҰҰ-ның кедейлікпен күреске арналған саммитінің соңғы күні. Нью-Йорктегі үшкүндік кездесуге 140 елдің жетекшілері қатысты.

Олар 10 жыл бұрын келісілген БҰҰ-ның мыңжылдық даму мақсаттары бойынша кедейлікті азайту жолында жасалған прогрестерді талқылады.

Сәрсенбі күнгі отырыста АҚШ президенті Барак Обама, Қытай басшысы Уен Жиабао сөз сөйлейтін болады.

Сейсенбі күні Германия канцлері Ангела Меркель әлемдегі кедей елдер өздерінің даму бағдарламасын құрып, басқаларға қол жайғанын тоқтатуы керек деп атап көрсеткен еді. Иран президенті Махмуд Ахмадинежад болса, капитализм құлдырау шегінде тұр, қазір экономикалық жаңа жүйе құратын кез келді деді.
XS
SM
MD
LG