Accessibility links

Ресей: Арктика мәселесі туралы халықаралық форум өз жұмысын бастады


Бүгін Мәскеуде Арктика мәселесіне арналған халықаралық форум басталды. Ресей төрағалық етіп отырған жиынға АҚШ, Канада, Дания және Норвегия қатысып отыр.

Форумда Арктикадағы халықаралық мүдделер талқыланып, тараптар өз аймақтарындағы табиғи ресурстарды пайдалану мен полярлық мұздың еруіне бақылауды алу мәселесін қарап жатыр.

Ресейдің табиғи ресурстар министрі елдің арктикалық аймағындағы мұнай-газ 100 миллиард тоннаға дейін жетеді, ел осы байлықтарын сақтауы қажет деп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG