Accessibility links

Білім министрі қызметіне Бақытжан Жұмағұлов келді


Қазақстанның білім және ғылым министрі болып Бақытжан Жұмағұлов тағайындалды. Бұл туралы үкімет басшысының кеңсесі хабарлаған. Жансейіт Түймебаевтың орнына келген жаңа басшыны премьер-министр Кәрім Мәсімов таныстырған.

57 жастағы Бақытжан Жұмағұлов бұл қызметке келер алдында Әл-Фараби атындағы Ұлттық қазақ мемлекеттік университетінің ректоры болды.

2001-2005 жылдары білім министрінің бірінші орынбасары қызметінде болған Жұмағұлов президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімін басқарған. Сондай-ақ үкіметтің әлеуметтік-мәдени даму бөліміне жетекшілік еткен. Сондай-ақ Нұр-Отан партиясының төрағасының орынбасары, мәжіліс спикерінің орынбасары болды.

Соңғы кезде білім министрлігі төңірегіндегі жанжалдар көбейген тұста орнынан кеткен Түймебаевтың қайда тағайындалғаны әзірге айтылмады.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG