Accessibility links

Қазақстан шекарашысына адам зорлады деген айып тағылды


Қазақ-қырғыз шекарасында қыз зорлады деген айыппен қазақ сақшасына қарсы тергеу ісі басталды. Бұл туралы Азаттық радиосының қырғыз қызметі хабарлады.

Қырғызстанның сыртқы істер министрлігінің сейсенбі күні журналистерге хабарлауынша, қырғызстандық тергеушілердің қолында қазақ сақшысының қырғыз қызын зорлағанына дәйек болатын видео жазба бар.

Бұл оқиға Жайсаң бақылау бекетіндегі Қазақстанның шекара сақшыларының кеңсесінде қыркүйектің 17-інде болған. Қазақстандық сақшылар шекарадағы "Бішкек-Мәскеу" пойызындағы жолаушыларды тексеріп, жас қызды өз кеңселеріне әкеткен. Бірнеше уақыттан кейін бөлімшеден жылап оралған қыз өзін зорлағанын айтқан.

Осыдан кейін жолаушылар жолды бес сағат бойы жауып тастап, шекара қызметкерін тұтқындауды талап еткен. Күдікті қазір жергілікті қамау мекемесінде отыр.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG