Accessibility links

АҚШ Жоғарғы соты вирджиниялық әйелдің үкімін орындауға рұқсат берді


АҚШ Жоғарғы соты Вирджиния штатында өлім жазасына кесілген әйелдің үкімін орындауға жол ашты. 41 жастағы Тереза Льюис күйеуі мен өгей баласын өлтіру жөнінде астыртын әрекетке барған деген айыппен өлім жазасын алған.

Ол бір ғасырға жуық уақыттан кейін өлім жазасы үкімі орындалған бірінші әйел болмақшы. Оны инемен өлтіру бейсенбі күнге жоспарланған.

Тереза Льюистің жақтастары оны үзеңгілестерінің арбауына түсіп қалған, ақыл-есінен айрылған деп отыр. Вирджиния басшысы Роберт Макдоннел өзінің бұл үкімді тоқтата алмайтынын айтты.

Оның ісіне әлем назары - Иран президенті Махмуд Ахмадинежадтың әлем баспасөзі екі түрлі саясат ұстанып, Иранда таспен ату үкіміне кесілген әйелді өлтіруге қарсылықтар туралы жаппай жазды деп айыптауынан кейін ауып отыр.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG