Accessibility links

АҚШ-та айыпталған қазақ азаматы ақталды


АҚШ соты айғақтардың жеткіліксіздігінен қазақстандық Жандос Бақытбекұлына тағылған айыпты алып тастады. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігі хабарлады. Енді ол қыркүйек айының аяғына дейін елге оралуы тиіс.

АҚШ-та қазақ студенті Жандос Бақытбекұлына кәмелетке толмаған 2 қыз баланы нәпсіқорлықпен мазалады деген айып тағылып, қамауға алынған еді.

Жандос аттракциондар саябағында жұмыс істеген, оның міндеті – жұртқа аттракционнан түсуге көмектесу болған. Аттракционнан түсуге Жандос көмек берген 2 қыз баланың ата-анасы қазақ студентін қыздарына нәпсіқорлықпен тиісті деп айыптаған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG