Accessibility links

Абхазия вице-президентіне шабуыл жасалды


Абхазияда бүгін түнде ел вице-президенті Александр Анквабаға қарсы қарақшылық шабуыл жасалды.

Ақпараттарға қарағанда, түнде вице-президенттің үйін белгісіз біреулер гранатометпен атқылады. Жарықшақ тиіп жарақат алғанымен, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Оқиға орнында жедел топ жұмыс істеп жатыр.

Бұл - Александр Анквабқа жасалған бесінші қастандық. Алғашқы төртеуі Анкваб ел премьер-министрі болып отырғанда жасалған еді.
XS
SM
MD
LG