Accessibility links

Қазақстан Дэвис кубогының 1-айналымында Чехиямен ойнайды


Қазақстан теннис құрамасы "Дэвис кубогы - 2011" турнирінің 1-айналымында Чехия құрамасымен ойнайды. Бұл туралы Қазақстанның теннис федерациясы хабарлады.

Қарсыластарды анықтау сәрсенбі күні Брюссельде өткен. Қабылдаушы тарап болып Чехия анықталды.

Таяуда өткен турнирдің ақтық сынына жолдама алған Сербия мен Франция командаларының жолы Үндістан және Австрия құрамаларымен кездеседі.

Ал "Дэвис кубогы - 2011" турнирі 1-айналымының басқа жұптары: Қазақстан - Чехия, Аргентина - Румыния, Чили - АҚШ, Бельгия - Испания, Германия - Хорватия.

Турнирдің алғашқы айналымы 2011 жылы наурыздың 4-і мен 6-сы аралығында өтеді.
XS
SM
MD
LG