Accessibility links

Қазақстанда «Балапан» телеарнасы жұмысын бастайды


Ертең, қыркүйектің 24-де Астанадағы «Думан» орталығында Қазақстанда тұңғыш «Балапан» балалар телеарнасының іске қосылу рәсімі өтеді.

Байланыс және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, «Қазақстан» республикалық телерадио корпорациясының базасында құрылған бұл жаңа телеарна кабельдік желіде мемлекеттік тілде шығатын болады.

«Балапан» балалардың көңіл көтеретін-танымдық телеарнасы 3 жастан 15 жасқа дейінгі ең жас қазақстандық аудиторияға арналған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG