Accessibility links

Францияда наразылық шарасы өтіп жатыр


Бүгін Францияда зейнеткерлік жастың көтерілуіне қарсы топ кезекті ереуілге шықты.

Наразылық шарасы көбіне қоғамдық көліктің қозғалуына кедергі келтіріп отыр. Бірқатар поездар мен әуе рейстері кейінге қалдырылды.

Бұған дейін, қыркүйектің 7-сінде өткен ереуілге бір миллионнан аса адам қатысқан болатын.

Өткен аптада президент Николя Саркозидің ұсынысымен зейнеткерлік жасты 60-тан 62 жасқа дейін көтеру туралы заң жобасын парламенттің төменгі палатасы мақұлдаған еді. Енді қазанның 5-і күні бұл құжатты сенат депутаттары талқылайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG