Accessibility links

Израиль Газаға көмек кемесіне қатысты БҰҰ-ның айтқанымен келіспеді


Израиль үкіметі БҰҰ-ның Адам құқықтары кеңсесінің Газаға бағытталған көмек кемесіне жасалған рейд кезінде 9 адам қаза тапқан оқиғаға қатысты тергеу мәліметтерін қабылдамады.

Тергеу қорытындысында израилдік күштер заңсыз әрекет етіп, жүргізген рейді кезінде тоғыз адамның өліміне әкелген қақтығысқа барды делінген. Израиль бұл оқиғаға өзінің де тергеуін жүргізіп жатыр.

БҰҰ-ның есебінде, Израиль жасақтарының мамыр айындағы қайырымдылық кемесін басып алып, жауыздықпен әрекет еткеніне дәйектер бар деген.

Израиль билігі болса, өз әскері қорғану үшін қақтығысқа барды дейді. Изарилдің бұл тексеру операциясы барысында сегіз түрік белсендісі мен бір америкалық түрік қаза тапқан болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG