Accessibility links

Барак Обама Қырғызстан президентімен кездеседі


АҚШ президенті Барак Обама жұма күні БҰҰ бас ассамблеясы отырысының аясында Қырғызстан президенті Роза Отунбаевамен кездеседі деп жоспарланып отыр. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша орынбасары Роберт Блэйк хабарлаған.

AFP агенттігіне берген сұқбатында ол, Обама Роза Отунбаевамен кездесуде алдағы айда Қырғызстанда өтетін парламенттік сайлауды әділ әрі ашық өткізуді қамтамасыз ету мен демократиялық мүмкіндіктерге шақырады деген.

Блэйктің айтуынша, АҚШ үкіметі қазан айының 10-да өтетін парламенттік сайлауды ұйымдастыру үшін Қырғызстан билігіне 5 миллион доллар көмек беруді мақұлдаған.
XS
SM
MD
LG