Accessibility links

Әл-Жазира журналистердің қамалуына қатысты НАТО-ны айыптады


Әл-Жазира телеарнасы өзінің екі операторын қамауға алған НАТО-ны Ауғанстандағы соғыс туралы хабар таратуға кедергі жасап отыр деп айыптады.

Дохада орналасқан телеарнаның мәлімдемесінде, Ауғанстандағы қақтығысты жағдайды толық қамтуға тырысқан екі ауғандық журналисті НАТО жетекшілігі қамауға алды деп отыр.

Әл-Жазираның хабарына қарағанда, НАТО бастаған халықаралық қауіпсіздік күштері тәліптер насихатын жүргізетін бүлікшілермен бірге жұмыс істеді деген айыппен оператордың тұтқындалғанын растаған. Бірақ телеарна ол айыптауларды жоққа шығарып, тілшілерін тезірек босатуға шақырып отыр.
XS
SM
MD
LG