Accessibility links

Иран: ядролық бағдарламаға қатысты келіссөз қазанда жандануы мүмкін


Иранның ядролық бағдарламасына қатысты халықаралық келіссөздер қазан айында қайта жандануы мүмкін.

Бұл туралы Иран президенті Махмуд Ахмадинежад жапондық TBS арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Одан өзге, бейсенбі күні БҰҰ бас ассамблеясы сессиясында сөз сөйлеген ол, Иран "өзара сыйластық" сақталса келіссөздерге дайын екендігін айтқан еді.
XS
SM
MD
LG