Accessibility links

Қазақстан батысында найзағайлы жаңбыр, күшті жел болады


«Қазгидрометтің» болжауынша бүгін Қазақстанның батысында найзағайлы жаңбыр болып, күшті жел тұрады.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, күндіз Ақтөбе облыстарының жекелеген жерлерінде 15-20 м/с екпінде жел болжануда, күндіз Қостанай облысында оның күші секундына 23 метрге дейін жетуі мүмкін.

Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарының кейбір аумақтарында ауа температурасы 0-2 градусқа дейін төмендейді.

Сонымен қатар «Қазгидромет» бүгін Қазақстанның оңтүстік, орталық, шығысы мен оңтүстік-шығысының кейбір аумақтарында жоғары дәрежелі өрт қаупі сақталады деп ескертеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG