Accessibility links

Барак Обамаға ЕҚЫҰ саммитіне шақырту тапсырылды


БҰҰ бас ассамблеясының 65-сессиясы аясында Қазақстан мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев АҚШ президенті Барак Обамамен кездесті.

Саудабаев Ақ үй басшысына президент Нұрсұлтан Назарбаевтың осы жылы желтоқсан айында Астанада өтетін ЕҚЫҰ саммитіне қатысуға арналған шақыруын тапсырды.

Шақыруы үшін алғысын айтқан Обама АҚШ-тың бұдан былай да Қазақстанмен арадағы тығыз ынтымақтастығын нығайту туралы берік ниетін растады делінген Қазақстан сыртқы істер министрлігінен таратылған ақпаратта.
XS
SM
MD
LG