Accessibility links

ЕҚЫҰ саммитіне Италия премьер-министрі Сильвио Берлускони қатысады


Италия сыртқы істер министрі Франко Фраттини Астанада өтетін ЕҚЫҰ саммитіне Италия премьер-министр Сильвио Берлускони қатысатындығын растады.Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

БҰҰ бас ассамблеясының 65-сессиясы аясында Нью-Йоркте Қазақстан мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Италия сыртқы істер министрі Франко Фраттинимен кездесу өткізді.

Кездесу барысында, Қазақстанда өтетін ЕҚЫҰ саммитіне дайындық барысы талқыланды.
XS
SM
MD
LG