Accessibility links

Иран мемлекеті блогерді өлім жазасына кесуі мүмкін


Иран және Канада азаматы болып табылатын блогер Хоссейн Дерахшан өлім жазасына кесілуі мүмкін. Бұл туралы "Журналистер сөз бостандығы үшін" канадалық ұйымы хабарлап отыр.

Құқыққорғаушылардың хабарлауынша, Иран прокуратурасы 2008 жылдың аяғында тұтқындалған Хоссейн Дерахшанға дәл осындай жаза тағайындауды талап етіп отыр.

Иран билігі блогерді "дұшпан" мемлекеттермен байланыста болды, билікке қарсы үгіт жүргізді және исламдық революцияға қарсы шықты деп айыптады. Канаданың сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты тексеріп жатыр.
XS
SM
MD
LG