Accessibility links

Ахмадинежад сөйлеп жатқанда АҚШ, ЕО делегациясы кетіп қалды


БҰҰ Бас ассамблеясында Иран президенті Махмуд Ахмадинежад сөйлегенде АҚШ пен Еуропа Одағының және басқа да бірқатар елдердің делегациялары сыртқа шығып кетті. Олар Ахмадинежадтың 11-ші қыркүйек террорлық шабуылдарын АҚШ үкіметінің өз ішіндегі жаулары ұйымдастырды деген сөзіне наразылық танытып, отырыстан кетіп қалды.

Бейсенбі күні Иран президенті 34 минуттық сөзін аяқтамай жатып, АҚШ делегациясы БҰҰ-на Ахмадинежадты айыптаған мәлімдеме жасап үлгерді.

АҚШ өкілдері Иран жетекшісінің сөзін арандатушылық пен антисемиттік тұрғыда болды деп, оның болжамдары жиіркеніш тудырады деген.

Ахмадинежад өз сөзінде, АҚШ үкіметіндегі сегменттер ел экономикасын көтеру үшін, АҚШ-тың Таяу Шығыстағы ықпалын арттырып, Израилді қорғап қалу үшін 11-ші қыркүйек шабуылдарын жасауға араласқан болуы мүмкін деген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG