Accessibility links

Тәжік президенті БҰҰ-дағы сөзінде су мәселесін көтерді


Тәжікстан президенті БҰҰ Бас ассамблеясының отырысында 2012 жылды су мәселесіне арнауды ұсынды.

Бейсенбі күні президент Эмомали Рахмон "БҰҰ-ның таза су көздеріне арналған қарарын мақұлдау су проблемаларын дипломатиялық жолмен реттейтін қарарға әкеледі",- деді.

Орталық Азиядағы ауыз судың 60 пайызы Тәжікстаннан бастау алады. Су көздерін бөлісуде Тәжікстан мен Орталық Азия елдерінің арасында текетірестер болып жатады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG