Accessibility links

Ираннан босатылған Шурд Нью-Йоркте Ахмадинежадпен кездеспекші


Иранда бір жылдай қамауда отырып, екі апта бұрын босатылған америкалық Сара Шурд Нью-Йорктегі БҰҰ Бас ассамблеясының жиынына қатысып жатқан Иран президентімен кездескісі келеді.

Шурд бұл үміті туралы бейсенбі күні телеарнаға берген сұқбатында айтты. Ол өзімен бірге Иранда тыңшылық жасады деген айыппен өткен жылдан бері ұсталған екі серіктесін босатуға тырысады.

Теһранда америкалық екі саяхатшы Шейн Бауер мен Джош Фаттал әлі қамауда отыр. Осы аптада CNN телеарнасына берген сұқбатында Иран президенті таяу күндері Сара Шурдтың серіктестері де сот шешімімен босатылып қалуы мүмкін деген.
XS
SM
MD
LG