Accessibility links

Ресейде ГКЧП-ның идеологы Геннадий Янаев қайтыс болды


Ресейдің ақпарат агенттіктері жазып жатқандай, 1991 жылы тамызда билікті құлатуға тырысып, өзін Совет одағының уақытша президенті деп жариялаған Геннадий Янаев өмірден өтті. 72 жастағы Янаев ұзаққа созылған ауруынан Мәскеуде көз жұмған.

Совет одағы кезінде вице-президент болған Янаев теледидар арқылы Қырымда үйқамаққа алынған бірінші хатшы Михайл Горбачевті денсаулығына қатысты демалысқа кетті деп айтқан.

Екі күнге созылып, сәтсіз аяқталған тамыз төңкерісінен кейін түрмеге жабылған Янаев 1994 жылы рахымшылық алып бостандыққа шыққан.
XS
SM
MD
LG