Accessibility links

Дағыстанда мектеп директорын өлтіріп кетті


Ресейдің Дағыстан республикасындағы полиция хабарлағандай, бейсенбі күні түнде Махачкала сыртындағы мектеп директорының үйіне басып кірген беттерін бүркемелеген екі адам оны атып кеткен.

Сонымен қоса бейсенбінің түнінде Кироваул ауылындағы қауіпсіздік тексеруі кезінде бүлікші деп күдіктелген бес адам өлтірілген. Полиция содырлар берілмей қойған соң, олардың үйін басып алған. Ол үйден жарылғыш заттар табылған.

Дағыстанда соңғы уақытта көрші Шешенстаннан келген бүлікшілер шабуылы көбейіп кетті.
XS
SM
MD
LG