Accessibility links

Қазақстанда алғашқы балалар телеарнасы ашылды


Бүгін Астанада Қазақстандағы тұңғыш «Балапан» балалар телеарнасының тұсау кесер рәсімі өтті.

Байланыс және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, «Қазақстан» республикалық телерадио корпорациясының базасында құрылған бұл жаңа телеарна кабельдік желіден мемлекеттік тілде шығатын болады.

Астана қалалық тіл басқармасының бастығы Оразгүл Асанғазы балаларымызды жұмыртқадан жаңа шыққан балапан сияқты басынан ұлттық құндылықтармен тәрбиелеуді мақсат тұтқын мұндай телеарнаның ашылуын қоштаймыз деді.

«Балапан» балалар танымдық телеарнасы 3 жастан 15 жасқа дейінгі ең жас қазақстандық аудиторияға арналған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG