Accessibility links

Белгілі қазақ әртісі Фарида Шәріпова дүние салды


74 жасқа қараған шағында ССРО халық әртісі, М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрының актрисасы Фарида Шәріпова бақилық болды.

Қытай Халық Республикасының Шәуешек қаласында туып, еңбек жолын 1954 жылы "Шанхайфильм" киностудиясында бастаған қазақ әртісі советтік және тәуелсіз Қазақстандағы ең танымал өнер жұлдыздарының біріне айналған еді.

Марқұммен қоштасу рәсімі қыркүйектің 27-і сағат 10.00-де М.Әуезов атындағы драма театрында өтеді деп хабарлайды "ҚазАқпарат" агенттігі.
XS
SM
MD
LG