Accessibility links

Бомба қаупінен кейін Пәкістан ұшағы Швецияға қонды


Пәкістанның Канададан қайтқан ұшағы бомба қойылған деген қауіптен кейін Стокгольм әуежайына қонуға мәжбүр болды. Оқиға кезінде ұшақ бортында 273 жолаушы отырғандығы хабарланып отыр.

Швеция полициясының хабарлауынша, «Боинг-777» ұшағы канадалық полициядан ұшаққа бір жолаушы жарылғыш зат алып кірген деген хабар түскен соң келіп қонды.

Әуежай өкілі Торонтодан Карачиге бағыт алған ұшақ аман-есен Арландаға қонды деп мәлімдеді. Полиция күдікті жолаушыны ғана ұшақтан түсіріп алуға дайындалған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG