Accessibility links

Дағыстанда жанкештінің шабуылынан 26 адам жараланды


Ресейдің ақпарат агенттіктері хабарлағандай, Солтүстік Кавказдағы Дағыстан республикасында бір жанпидашы өзін жарып жіберген. Жарылыстан 26 адам жараланды.

Құқық қорғау органдары шабуылдаушы бірнеше сағат бұрын қауіпсіздік күштерінің бүлікшілермен соғысқан аймақтағы полиция бекетіне келіп, жарылғыш затын іске қосқан.

Жұма күні кешкісін болған бұл жарылыстан 13 полиция қызметкері мен 13 бейбіт тұрғын жараланған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG