Accessibility links

Обама Отунбаевамен кездесті


АҚШ президенті Барак Обама жұма күні Қырғызстан президенті Роза Отунбаевамен кездесіп, оны елдегі маусым айындағы қақтығыстың қайталанбауы үшін қажетті қадамдар жасауға шақырды.

Обама мен Отунбаева БҰҰ Бас ассамблеясының жиыны аясында кездескен еді. Ақ үй таратқан мәлімдемеде, Обама Қырғызстандағы кейбір даму процестерін қоштап, тәуелсіз ақпарат құралдарына шектеудің алынғанын, жаңа конституция жобасы мен алдағы айда өтетін парламент сайлауына қатысты қадамдарды оң қабылдаған.

Сондай-ақ Обама Отунбаева билігін ЕҚЫҰ-ның қарусыз полиция күштерінің орнату, таяудағы этникалық қақтығысты әділетті тергеу мен жаңа қақтығыстардың алдын алу тұрғысындағы қадамдарды қолға алуға шақырды.

Маусым айында Қырғызстанның оңтүстігіндегі этникалық өзбектер мен қырғыздар арасындағы қақтығыстан жүздеген адам қаза тауып, мыңдаған адам баспанасыз қалған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG