Accessibility links

Иранда қамауда болған АҚШ саяхатшысы Ахмадинежадпен кездесті


Иранда бір жылдан аса түрмеде отырып, жақында босатылған америкалық Сара Шурд қалған екі серіктесін босатуды сұрап Иран президенті Махмуд Ахмадинежадпен кездесті.

Сара мен оның анасы Нью-Йорктегі БҰҰ Бас ассамблеясының жиынына қатысқан Ахмадинежадпен жұма күні кездескен. Шурд АҚШ-тың ABC телеарнасына берген сұқбатында, өзінің Иран президентімен сөйлесу мүмкіндігін құдайдан тілегенін, бұл кездесу жақсы өткенін айтты.

Теһрандағы Евин түрмесінде отырып шыққан Шурд Иранда әлі де қамауда қалған жігіті Шейн Бауер мен оның досы Джош Фатталды босатуға шақырып келеді.

Ирақ тауларында қыдырып жүріп Иранға өтіп кеткен америкалық үш жасты Иран билігі өткен жылы заңсыз шекарадан өтіп, тыңшылық жасамақшы болды деп қамауға алған.
XS
SM
MD
LG