Accessibility links

Жапония Қытайдың кешірім талап еткенін қабылдамады


Сенбі күні Жапония Қытайдың кеме капитаны үшін кешірім мен өтемақы талап еткенін қабылдамады. Қытайлық кеме капитанының Жапонияда қамалуы екі елдің арасында дипломатиялық дау тудырды.

Жапон сыртқы істер министрлігінің өкілі Қытайдың өтемақы мен кешірім сұрауды талап етуі –мүлде негізсіз және оны қабылдай алмаймыз деді.

Қытайлық балықшылар кемесінің капитаны қыркүйектің 8-і күні екі елге ортақ теңізде жапондық теңіз сақшыларымен қақтығысып қалған соң қамауға алынған.

Жапония босатқан Қытай капитаны сенбі күні үйіне жеткен болатын. Қытай оның қамалуы заңсыз болды деп, Жапонияның кешірім сұрауын талап етіп отыр.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG