Accessibility links

АҚШ Таяу Шығыс бейбіт келіссөзінің жалғасқанын көздеуде


АҚШ Израиль мен Палестина жетекшілерімен келіссөздер өткізіп, жақында ғана басталған Таяу Шығыс бейбіт келіссөздерінің бұзылуына жол бермеуге тырысуда.

Палестина жетекшісі Махмуд Аббас егер Израиль Батыс жағалаудағы еврей қоныстарын тұрғызуды тоқтату мерзімін ұзартпаса, бейбіт келіссөздерден шығып кететінін ескертіп отыр. Израиль жариялаған үй тұрғызуды уақытша тоқтату мерзімі жексенбінің түнінде аяқталуы тиіс, бірақ Израиль қоныстануды қайта жалғастыратыны туралы ештеңе айтпады.

Human Rights Watch ұйымы жексенбі күні таратқан мәлімдемеде, Израилді Батыс жағалауда 10 айға тоқтаған үй құрылыстарын толығымен тоқтатуға шақырды.

AzattyqTV

Атыраудағы Наурыз

"Киіз үйге кіргізбеді"

XS
SM
MD
LG