Accessibility links

Ресей президентінің Қытайға сапары басталды


Бүгін Ресей президенті Дмитрий Медведев үкіметтік делегациясын бастап, Қытайға үшкүндік сапармен барды. Медведев көрші елге сапарын Далиан қаласынан бастады.

Онда Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жапон басқыншыларымен соғыста қаза тапқан Совет сарбаздарына қойылған мемориалға барады деп айтылған. Сонымен қоса Медведев ресейлік және қытайлық ардагерлер тобымен кездеседі.

Қытайдағы сапары кезінде ресейлік делегация сауда және энергетикалық байланыстарды талқыламақшы. Ресей әлемдегі ең үлкен энергия көзін тұтынушы ел – Қытайға өз мұнай-газын беруге мүдделі. Тараптар бірқатар келісімдерге қол қояды деп жоспарланған.

Ресей президенті дүйсенбі күні Бейжіңде Қытай президентімен келіссөздер өткізгенде, Иран мен Солтүстік Кореяның даулы ядролық бағдарламалары туралы да сөйлеспекші.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG