Accessibility links

Ауғанстанда НАТО-ның 2 әскері қаза тапты


НАТО күштерінің хабарлауынша, жексенбі күні Ауғанстанның оңтүстігінде бомба жарылысынан екі сарбаз мерт болды.

Осы әскер шығынымен 2010 жылы қаза тапқан халықаралық күштер саны 530-ға жетті. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда көп шығын болып отыр.

НАТО сенбі күні өз әскерінің Пәкістанмен шекаралас Кунар провинциясындағы бүлікшілерге қарсы әуе соққысын бергендерін айтты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG