Accessibility links

Иран саяси пікірі үшін режиссерді шектеп тастаған


Иранның жергілікті ақпарат құралдары белгілі режиссер Асғар Фархади оппозициялық "Жасылдар "партиясын қолдап, пікір білдіргені үшін билік оның фильм түсіруіне берілген рұқсатты қайтып алған деп жазуда.

Иранның мәдениет министрінің орынбасары Жавад Шамақдари жергілікті баспасөзге берген сұқбатында, Фархадидің киносы оның Берлиндегі айтқан пікіріне байланысты рұқсатнамасынан айрылды деген.

Асғар Фархади жақында Берлинде өткен кинофестивалде «ең мықты режиссер» сыйлығын жеңіп алған. Сыйлықты алып тұрғанда Фархади Иранда алдағы жылы көп өзгерістер болады деп өзінің үміттенетінін білдірген.

Хабарларға қарағанда, Фархади тағы Иран оппозициялық қозғалысын қолдаушы режиссерлер - Жафар Панахи мен Мохсен Мақпалбафты қолдап сөйлеген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG