Accessibility links

Венесуэладағы парламент сайлауы Чавес билігіне сынақ болады


Жексенбі күні венесуэлалықтар парламент сайлауына қатысып жатыр. Бұл сайлауда президент Уго Чавес жетекшілік ететін Социалистер партиясы парламенттегі басымдығын сақтап қалуға үміттеніп отыр.

Дауыс беру құқы бар 17 миллион халық 165 мүшесі бар Ұлттық ассамблея үшін дауыс береді. Бір блогқа біріккен оппозиция жетекшілері дауыс берушілердің назарын Чавес билігі кезіндегі экономикалық қиындықтар мен елдегі қақтығыстың көбейіп кеткеніне аударуға тырысты.

Венесуэлада парламент сайлауы алдағы президент сайлауына екі жыл қалғанда өтіп отыр.
XS
SM
MD
LG