Accessibility links

Израиль келіссөзге қауіп төндірген қоныстануды тоқтатпай отыр


Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаняху Батыс жағалаудағы қоныстануды уақытша тоқтату мерзімі жексенбінің түнінде аяқталатындықтан, қоныстанушыларды ұстамдылық танытуға шақырды.

Бұл мәселе Таяу Шығыс келіссөзін бұзады деген әлем жетекшілерінің алаңдаушылығына қарамастан, Израиль қоныстануды тоқтату шешімін қабылдамай отыр. Израиль Батыс жағалаудағы Ревавада жаңа үйлер тұрғызу үшін тас қалау салтанатын өткізбекші.

Аббас Израиль палестиналықтардың жерінде еврей қоныстарын салуды біржола тоқтатпаса, жақында басталған бейбіт келіссөздерден шығатынын бірнеше рет ескерткен. Палестина жетекшісі қазанның 4-де Араб елдерінің сыртқы істер министрлерімен осы жағдайды талқыламақшы.

Израилдің 1967 жылғы соғыста Иорданиядан басып алған жері - Шығыс Иерусалим мен Батыс жағалауда салынған 100-ден аса үйде 430 мың еврей мекендейді екен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG