Accessibility links

Полиция жоғалып кеткен бизнесмен Салдузиді тапты


Арнайы жүргізілген операция барысында, бұдан бұрын жоғалып кеткен SM market дүкендер желісінің иелерінің бірі, кәсіпкер Эдгар Салдузи табылды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді деп ҚазТАГ егенттігі хабарлап отыр.

Ақпаратқа қарағанда, 34 жастағы кәсіпкер тұтқында болған. Оны кімдер және қайда тұтқында ұстағаны айтылмай отыр. Қазір кәсіпкердің денсаулығы қанағаттанарлық екені ғана хабарланады. Бұл іске қатысты қылмыстық іс жүріп жатыр.

Тамыздың 16-сы күні кәсіпкердің әйелі Анастасия Салдузи "күйеуім жоғалып кетті" деп Медеу аудандық ішкі істер басқармасына арыз жазған. Кәсіпкерді тамыздың 14-інен бері ешкім көрмеген. Салдузидің әйелі күйеуінің жоғалып кету себебін оның кәсібімен байланыстырады.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG